Оларға қант бағасын түсіру қажеттігі ескертілді
Ақмола облысы бойынша монополияға қарсы департамент көтерме сату нарығында қанттың бағасының өсуіне қатысты тексеру жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Талдау қорытындысы бойынша екі ірі көтерме сауда сатушысының іс-әрекетінде бағаны белгілеу және ұстап тұру бөлігінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері анықталды», деп көрсетті Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.
ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабы 1-тармағының негізінде осы тауар нарығында үстем жағдайға ие екі көтерме сауда жеткізушісінің атына қант бағасын негізделген деңгейге дейін төмендету қажеттілігі туралы хабарлама жолданды.