Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарықтағы жағдайды реттеу мақсатында бірқатар шараларды қолға алды
Қазақстанда 15 сәуірден бастап ұн мен бидайды экспорттауға квота енгізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«15 сәуірден бастап Қазақстан аумағынан ұн және азық-түлік бидайын экспортқа шығаруға квота енгізіледі. Бидайға деген квотаның көлемі – 1 млн тоннаны, ұнға деген көлем 300 мың тоннаны құрайды. Қазіргі кезде министрлік тарапынан сәйкес бұйрықты мемлекеттік органдармен келісу процесі жүргізіліп жатыр. Жақын арада осы бұйрық күшіне енетін болады», – деді ҚР АШМ аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова.