БҚО-мен шектесетін Ресей ауылында су бөгеті бұзылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қоймадағы су көлемі шамамен 8 млн текше метрді құрайды

фото: БҚО ТЖД

БҚО-мен шектесетін Ресейдің Орынбор облысы Пустобаев ауылында су қоймасындағы бөгет бұзылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Орал апталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Орынбор облысы бойынша ТЖ министрлігі бас басқармасының дағдарыс жағдайында басқару орталығы су бөгеті бұзылғанын хабарлаған.

Шайылған бөгеттің ені – 7-8 метр. Су Елтышевка, одан Жайық өзеніне құйылады. Жайық өзені Бәйтерек ауданы Январцев ауылдық округі Чинарев ауылының жанымен ағады.

Чинарев ауылында 1 мектеп, 1 медпункт, 1 шекара заставасы, 82 үй бар, мал басын есептемегенде, 223 адам тұрады. Елді мекенге әзірге қауіп төніп тұрған жоқ.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі тасқын судың алдын алу бағытында Чинаревқа арнайы техникалар мен құтқарушылар, жауапты адамдар жіберілгенін мәлімдеді.

Тегтер: