Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр
Жамбыл облысында бірнеше ауылды су басты Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында бірнеше ауылына қарғын су келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Өңірде жаңбыр жауып, таудан аққан қызыл су Көкдөнен, Жақсылық елді мекендеріне жеткен. Аудандық әкімдіктің мәліметі бойынша 5 үйдің ауласына су кірген. Абырой болғанда адамдар аман. Судың деңгейі әлі төмен түскен жоқ.
Қазір оқиға орнында арнайы техникалар жұмылдырылып, құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.