Мектеп түлектері кешін өткізуге арналған нұсқаулық әзірленіп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

"Ешқандай лимузин мен қымбат салтанатқа жол берілмейді"

фото ult.kz сайтынан

Елімізде мектеп түлектері кешін өткізудің нұсқаулығы әзірленіп жатыр. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Түлектер кешіне келер болсақ, әріптестерімізге нұсқаулық пен тиісті тапсырма жолданады. Ешқандай лимузин мен қымбат салтанатқа жол берілмейді», - деді ол.