Ол жыл бойы белсенді жұмыс істегенін айтты
Күні кеше Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған Тамара Дүйсенова БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап беру үшін бір ай уақыт беруді сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министр қызметке тағайындалғанға дейін жыл бойы белсенді жұмыс істегенін айтты.
«Кезінде Елбасы «демалып кел» деп сізді қызметіңізден босатып еді. Демалыста болдыңыз ба?» деген сауалға:
«Мен барлық уақытта жұмыс істедім. Сұрақтарыңызға жауап беру үшін маған бір ай уақыт беріңіздер», - дейді Тамара Дүйсенова.