Қаңтар оқиғасы бойынша 377 күдіктіге қатысты іс сотқа берілді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді

 
Фото: ortcom.kz

Бүгінде ішкі істер органдары тергеушілерінің іс жүргізуінде 1090 қылмыстық іс бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов хабарлады. Бұл ретте 165 адам күзетпен ұсталуда.

«Олардың барлығы ауырлататын мән-жайлар кезінде ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады. Жеке басын ескере отырып, 315 күдікті қамаудан босатылды – бұл алғаш рет қылмыс жасағандар және өз кінәсін мойындаған адамдар. 377 күдіктіге қатысты қылмыстық істерді тергеу аяқталып, олар сотқа берілді», - деп хабарлады спикер. 

196 адам ұрлық жасаған, қару-жарақтың заңсыз айналымы үшін 39, тонау, ұрлау және ұсақ ұрлық жасады деген күдікке 3 адам ілінді.