Компания басшылары заңсыз бизнес ұйымдастырды деп айыпталып жатыр
Бұған дейін ойын бизнесімен заңсыз айналысты деп айыпталған Қазақстандағы «Олимп» букмекерлік кеңсесі бәс қабылдауды мүлдем тоқтатты. Бұл туралы компанияның сайтында хабарланған.
«2020 жылдың 22 қаңтарынан бастап Olimp.kz Қазақстанда лицензиясының тоқтатылуына байланысты бәс қабылдай алмайды. Мұндай шешім қабылданғаны өкінішті. Біз қазақстандық букмекерлік кеңсе болдық және одан әрі де осы бағытта жұмыс істегіміз келген», - деп жазылған аталған хабарламада.
Еске салайық, аталған букмекерлік кеңсе басшылары қаржыны шетелге заңсыз асырды деп айыпталып жатыр. Қазір олапрдың үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.