Елімізде бүгінгі ауа райы қандай болады

Автор: Azattyq Rýhy

Синоптиктер дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады

Фото: narodna-pravda.ua

Синоптиктер дүйсенбі, яғни 11 сәуірде ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ауқымды антициклон ҚР территориясының басым бөлігінде жылы, жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастыратын болады. Тек еліміздің оңтүстігі мен солтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте дауыл соғып, батыста тұман түседі», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Атап айтқанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының түнде солтүстігі мен оңтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде жел күші 15-20, екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Күндіз Алматы облысының солтүстігі мен шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында жел 15-20 м/с дейін жетеді.

Күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнап, дауыл осғып, таулы, тау бөктерлі аудандарында жел күші 15-20, екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды.

Қостанай облысыныңтүнде оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде жел күші 15-20 м/с дейін жетеді, оңтүстігінде тұман түсіп, найзағай ойнайды.

Қарағанды облысының батысында найзағай ойнап, батысында, шығысы мен орталығында жел күші 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Қызылорда облысының орталығында найзағай ойнап, дауыл соғып, орталығы мен оңтүстігінде жел күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының солтүстік-батысы, батысы мен таулы аудандарында жел күші 15-20, екпіні 23 м/с дейін жетіп, күндіз таулы аудандарында найзағай ойнайды.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, түнде Атырау облысының батысында тұман түседі.