Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 7 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Қазақстанда өткен тәулікте 12 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Атап айтқанда:
Нұр-Сұлтан қаласы - 4
Алматы қаласы - 7
Шығыс Қазақстан облысы - 1.
Жалпы еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 305 304 адамға жетті.
Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 7 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
Аймақтар бойынша атап айтқанда:
Шығыс Қазақстан облысы – 2
Қарағанды облысы - 4
Павлодар облысы - 1.
Республика бойынша COVID-19 вирусынан жазылғандар саны 1 290 528 адамға жетті.