Еліміздегі 4 әуежай ұшақ бортына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама алды

Автор: Azattyq Rýhy

Бортты тексеру барысында ешқандай құрылғы табылған жоқ

фото ашық дереккөзден

Белгісіз біреулер Қазақстанның төрт қаласындағы әуежайға ұшақтың миналанған туралы хабарлама жолдаған. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР Терроризмге қарсы орталыққа сілтеме жасап хабарлайды.

Сәуірдің 8-нен 9-на қараған түні Нұр - Сұлтан, Ақтау, Көкшетау және Балқаш қаласының анықтама қызметі мен әуежайдың электрондық почтасына ұшақтың бортына жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Бортты тексеру барысында жарылу қаупі бар заттар мен жарылғыш құрылғылар табылған жоқ.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.