Жұмысшылардың тек үшеуі ғана қашып үлгеріпті
Ресейдің Том облысында ағаштан салынған жатақхана өртеніп, 11 адам қайтыс болды. Олардың 10-ы Өзбекстан азаматы деп хабарлайды Euronews.
Өртенген үйде тағы үш адам болған. Олардың тілсіз жаудан қалай құтылғаны белгісіз.
Өрт сөндірушілер келгенде ағаштан соғылған ғимараттың тек күлі ғана қалған, оның шатыры ортаға опырылып түсіпті. Өрт 200 шаршы метр аумақты қамтыды.
Анықталғандай, өртенген ғимарат ағаш кесумен айналысатын «Гринвуд» компаниясына тиесілі жатақхана болған. Қайтыс болғандар осы компанияның жұмысшылары.
Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр сымындағы ақау себеп болған. Қазір аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды.