Әжетхана қағазын өндіруде көш басында Алматы облысы тұр
Елімізде дәретхана қағазы 11 пайызға қымбаттады. Energyprom сарапшыларының мәліметінше, гигиена тауарының өндірісі 5 пайызға, яғни 4,3 мың тоннаға дейін төмендеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.
Әжетхана қағазын өндіруде көш басында Алматы облысы тұр. Жыл басында онда гигиена тауарларын шығаруға 6 жарым миллиардқа теңге жуық бөлінген. Екінші орында Алматы қаласы 5,2 млрд қаржы жұмсаса, Шығыс Қазақстан облысы 1,6 млрд теңге құйған. Әжетхана қағазы қымбаттаған аймақтың алдына Атырау облысы шықты. Мұнайлы өлкеде қажет қағаз құны 31,5% өскен. Ал Елордада 21,6%, Қостанайда 18 пайызға аспандапты. Ең төмен көрсеткіш Шымкент қаласында екен. Онда небәрі 2 пайызға жоғарылаған. Жалпы нарықтағы қағаз атаулының 70 пайызға жуығын отандық компаниялар өндіреді. Жұмыстың тұралауына шетелден келетін шикізаттың жоқтығы. Ресей арқылы жеткізілетін ағартқыш қоспа санкцияларға байланысты екі елде де тапшы.