Еліміздегі әрбір алтыншы отбасында бала туу проблемасы бар – Ажар Ғиният

Автор: Azattyq Rýhy

"Бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері. ҚРТ: бүгіні мен болашағы" атты IX халықаралық конференция өтті

Фото: anamenbala.kz

Шымкент қаласында Қазақстандық репродуктивтік медицина қауымдастығының "Бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері. ҚРТ: бүгіні мен болашағы" атты IX өңірлік халықаралық конференциясы өтті. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы А.Ғиният репродукция саласында жаңа технологияларды табысты енгізу мақсатында барлық жағдайлар жасалғанын атап өтті. Бірінші кезекте, заңнамалық база қамтамасыз етілді, қосалқы репродуктивтік технологияларды жүзеге асырудың барлық аспектілерін реттейтін НҚА бекітілді, түрлі бейіндегі мамандар даярланды. Осы шаралардың арқасында бүгінде елімізде 29 ЭКҰ орталығы жұмыс істейді.

"Елімізде жоғары технологиялық көмектің қолжетімділігін және аз қамтылған отбасыларды кеңінен қамтуды қамтамасыз етуде ЭКҰ бағдарламаларын мемлекеттік қаржыландыру маңызды рөл атқарды, 2010 жылдан бастап 9 мыңға жуық бағдарлама өткізілді, көптен күткен 3 мыңнан астам бала дүниеге келді", - деп атап өтті министр.

26 жыл ішінде елімізде әйелдер мен ерлер бедеулігін емдеудің жаңа технологиялары игерілді. Емнің тиімділігін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берген эмбриондарды криоконсервациялау, қондыру алдындағы генетикалық скрининг, эмбрионды тайм-лапс культивациялау сияқты технологиялар табысты қолданылады. 

Сонымен қатар, соңғы 10 жыл ішінде ҚРТ бағдарламаларын жүргізу үшін біздің елге емделуге әлемнің 40-тан астам елінің азаматтары келді. 

"Квоталық мемлекеттік бағдарламаларда жүктіліктің басталу жиілігі орташа еуропалық көрсеткіштерден едәуір асып, үздік орталықтарда 50% - ға дейін және одан да көп, бала туу фактісі бойынша шамамен 35% - ға жетеді. Осы жылдар ішінде елімізде 90 000-нан астам ерлі-зайыптылар ҚРТ әдісімен емделді, баласыз отбасыларда көптен күткен 28 000-ға жуық бала дүниеге келді", - деді ҚР ДСМ басшысы.

А.Ғиният ел Үкіметі әрбір 6 отбасында бала туу проблемалары болған кезде жас ерлі-зайыптылар арасындағы бедеуліктің жоғары жиілігіне қатты алаңдайтынын атап өтті.

"Балалардың болмауына байланысты неке бұзылатын жағдайлар туындайды.  2020 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Үкіметке ЭКҰ-ға квотаны 7 есеге ұлғайта отырып, "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасын іске қосуды тапсырды, оған республикалық бюджеттен 6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Оның аясында 3 мыңнан астам әйел жүкті болып, 1 мыңнан астам бала дүниеге келді", - деп хабарлады Ажар Ғиният.

Репродуктивті денсаулықты сақтау жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асыру және ДДҰ-ның орнықты даму саласындағы мақсаттарды орындау үшін БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі "Ешкімді назардан тыс қалдырмау" кезеңінде Министрлік барлық азаматтарға репродуктивті денсаулығы мен игілігінің әлеуетін толық іске асыруға мүмкіндік беруді, сондай-ақ денсаулық сақтау, қорғау және іске асыруды қамтамасыз ету саласындағы саясатты нығайту жөніндегі іс-шараларды одан әрі жалғастыруды жоспарлауда. Жыныстық жолмен берілетін инфекциялармен сырқаттанушылықты төмендетумен қатар, халыққа контрацептивтік құралдарды қолдану, бедеуліктің алдын алу және емдеу жөнінде кешенді білім беру, жастардың денсаулық орталықтарының әлеуетін дамыту қажет. Репродуктивті жастағы адамдарды профилактикалық тексерулермен, скринингтермен басым тәртіппен, репродуктивті жүйе ауруларын уақтылы және сапалы емдеумен қамтуды қамтамасыз ету.

Бұл проблема ерекше назар аударуды және барлық ресурстарды шоғырландыруды талап етеді. 

Қазақстандық репродуктивтік медицина қауымдастығының қамқорлығымен өткізілетін осындай іс-шаралар қазақстандық медицина ғылымы мен денсаулық сақтауды одан әрі дамыту үшін жақсы ынталандыру болады және жетістіктер мыңдаған қазақстандықтарға ана мен әке бақытын табуға мүмкіндік береді деп сенемін.