Биыл Давос форумы климаттық проблемаларға арналды
Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумның алғашқы күні АҚШ президенті Дональд Трамп пен экобелсенді Грета Тунбергтің пікірі екі жақтан шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.
Биылғы Давос форумы климаттық проблемаларға арналып отыр.
Трамп өз сөзінде АҚШ-тың экономикалық гүлденуі туралы айтып, Жер шарында бір триллион ағаш отырғызу бастамасына қосылатынын жеткізді. Ал 17 жастағы экобелсенді Грета Тунберг климаттың өзгеруін ағаш отырғызу арқылы тоқтату мүмкін емес екенін айтты. Өз кезегінде экобелсенділерді меңзеген Трамп «ақырзаман төндірушілерге» мән бермей, оптимистік көзқарасты ұстануға шақырды. Ал Грета билікті болашақ ұрпақ туралы ойлауға үндеді.
«Сіздер балаларыңыздың алдында қалай ақталасыздар? Климаттың өзгеруімен күресу экономикаға кері әсер ететінін айтасыздар ма?», - деді Тунберг.