Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны қайта көбейді

Автор: Azattyq Rýhy

Еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 305 265 адамға жетті

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 20 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.  

Атап айтқанда:

Нұр-Сұлтан қаласы - 5
Алматы қаласы - 7
Ақтөбе облысы - 1
Шығыс Қазақстан облысы - 2
Жамбыл облысы - 1
Павлодар облысы - 3
Түркістан облысы - 1.

Жалпы еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 305 265 адамға жетті. 

Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 40 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Аймақтар бойынша атап айтқанда:

Нұр-Сұлтан қаласы – 9
Алматы қаласы - 15
Шығыс Қазақстан облысы – 2
Алматы облысы - 3
Қостанай облысы - 2
Қарағанды облысы – 8

Павлодар облысы – 1.

Республика бойынша COVID-19 вирусынан жазылғандар саны 1 290 404 адамға жетті.