Сот-медициналық сараптама тағайындалды
Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің терезесін жуып жатқан 27 жастағы өндірістік альпинист биіктен құлап көз жұмды. Аталған деректі қалалық полиция деп хабарлайды
Қайғылы жағдай Алматы қаласының Бостандық ауданында болды.
«1995 жылы туған азамат биіктен құлап кетті. Ол оқиға орнында қаза тапты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мән-жай анықталып жатыр. Бұл факті Бостандық аудандық полиция бөлімінде тіркелді», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.