$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында жоғалған ер адам орман ішінен табылды

Ер адам үйінен жылқы іздеуге шығып, орманда адасып қалған

Ақмола облысында жоғалған ер адам орман ішінен табылды
inform.kz

Ақмола облысының Зеренді ауданында жоғалған ер адам келесі күні орман ішінен табылды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, 5 сәуір күні кешкі сағат 21:20 Зеренді аудандық полиция бөлімінің «102» желісіне 60 жастағы жергілікті тұрғын телефон шалып, көмек сұрады. Ер адам үйінен жылқы іздеуге шығып, орманда адасып қалғанын айтқан.

 «Жоғалған адамды іздеуге Зеренді аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы және еріктілерден құралған 50-ден астам адам тартылды. Іздестіру жұмыстары түні бойы жалғасты. Телефоны желі аймағынан тыс жерде болғандықтан, онымен байланысу мүмкін болмады. Ер адам тек келесі күні, 6 сәуірде сағат 11:00 шамасында Зеренді ауылынан 5 шақырым радиустағы орман алқабынан табылды», - деді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, ер адам түнде орман ішінде от жағып жылынған. Қазіргі кезде оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.


 

 

Серіктес жаңалықтары