Қасым-Жомарт Тоқаев мамырда Қырғызстанға іссапармен барады

Автор: Azattyq Rýhy

Екі ел басшылары телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президенттер сауда-экономикалық ынтымақтастық пен халықаралық аренадағы өзара іс-қимылды нығайтуға баса назар аудара отырып, қазақ-қырғыз стратегиялық әріптестігінің даму перспективаларын талқылады.

«Мемлекет басшысы биылғы мамыр айында Қырғызстанға жасайтын мемлекеттік сапары екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікке сөзсіз тың серпін беретінін атап өтті», - делінген ақпаратта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Құмтөр алтын кен орнының мәртебесі туралы келіссөздердің сәтті аяқталуымен құттықтады.

Бұдан өзге, президенттер бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.