Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Синоптиктер еліміз бойынша 7-9 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
«Еліміз өңірлерінде қар және жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстік жартысында күн күркіреп жаңбыр жауады, ал оңтүстік бөлігінде, орталығында және шығысында қатты жаңбыр жауады», - делінген ақпаратта.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
«Еліміздің солтүстік жартысына батыс антициклоны ықпал ететіндіктен, кезең соңына қарай ауа райы жауын-шашынсыз болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.