Ол бүгінге дейін Түпқараған ауданының әкімі қызметін атқарып келген
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттарына басқа жұмысқа ауысқан Мақсат Ибагаровтың орнына жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды. ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген жаңа кандидат Айбек Қосуақов болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Айбек Қосуақов Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетін «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша және Қонаев атындағы көлік және құқық университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Нұрлан Ноғаев өз кезегінде жаңа әкімге Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.