Бұл туралы Алматы қалалық сотының өкілі мәлімдеді
«Дикий Арман» лақап атымен танылған қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі екі айға ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Аzattyq Rýhy.
«4 сәуірде тергеу сотының қаулысымен тергеу органының өтінішхаты қанағаттандырылды. Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімін 7 маусымға дейін ұзартуға рұқсат етілді», - деді Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасын.
Еске сала кетейік, 7 қаңтарда Алматыда қылмыстық топтың жетекшісі, «Дикий Арман» лақап атымен танымал болған А. Жұмагелдиев ұсталған болатын. ҚР ІІМ Арман Жұмагелдиевпен бірге оның тобының бес мүшесі де ұсталғанын мәлімдеді.