Полиция басқармасы аталған іске қатысты тергеу басталғанын хабарлады
Алматы облысында заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оны желілік полиция басқармасының қызметкерлері Шамалған темір жол стансасы жанындағы қараусыз қалған ғимараттан анықтаған. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 12 калибрлі «Форд 500» маркалы тегіс ұңғымалы мылтық пен 60 патрон табылды. Қару-жарақ пен оқ-дәрілер көрпеге оралып, қоқыс және құммен жабылған. Полиция басқармасы аталған іске қатысты тергеу басталғанын хабарлады.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы қару мен оқ-дәрілерді сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта қару мен оқ дәрілерді заңсыз сақтау ісіне қатысты деген тұлғалар анықталуда. Табылған заттар сараптамаға жіберілді»,– деді «Алматы-1» стансасы желілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Жарас Әбдіқайымов.