Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан қайтыс болғандар тіркелген жоқ
Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдың 4 сәуірдегі коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан қайтыс болғандар тіркелген жоқ.
4 сәуірдегі мәлімет бойынша, 2 523 адам коронавирус инфекциясынан (–1 504+ және 1 019 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 293 пациент стационарда, 2 230 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 17 адамның жағдайы ауыр,
- 8 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 5 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 4 сәуірдегі мәлімет бойынша 1 жаңа жағдай тіркелді, 7 адам емделіп шықты, өлім жағдайы тіркелген жоқ.
Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:
- науқастар саны – 88 705;
- өлім жағдайы – 5 352;
- жазылып шықты – 82 334.