Бейнеу тұрғынын іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда
Маңғыстау облысында Бейнеу ауданының тұрғыны – 26 жастағы Айдана Айтаева бес күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті lada.kz сайтына сілтеме жасап.
А.Айтаева 29 наурыз күні сағат 11:00 шамасында белгісіз бағытта кетіп, қайта оралмаған. Полиция қызметкерлері көппәтерлі үйлердің шатырларын, коттедждерді, енсіз және құрылысы аяқталмаған үйлерді, ойын-сауық орталықтары мен жалдамалы пәтерлерді тексеруде.
Белгілері: бойы 160-165 см, орта бойлы, шашы иығына дейін. Үстіне тізесіне дейін сұр түсті куртка, көк джинс шалбар, қара бәтеңке киген. Ерекше белгілері: сол қолы оң қолына қарағанда қысқа.
Қандай да бір ақпаратқа ие азаматтар Бейнеу ауданының полиция бөлімшесіне хабарласа алады: 8(72932)2-11-79 или 8(700)362-30-03, 8(701)302-60-33, 8(702)596-73-71 немесе 102.