Республикалық маңызы бар 1 автожолда су жайылды
Еліміздің аумағындағы су тасқыны автожолдардың 14 учаскесін шайып кетті. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрлік таратқан мәліметке сүйенсек, су тасқыны кезеңі басталғаннан бері 5 елді мекенде 80 тұрғын үй мен 2 әлеуметтік нысан еріген қар суының астында қалды. Павлодар және Ақтөбе облыстарындағы 43 үйден су сорылды.
Республикалық маңызы бар 1 автожолда су жайылу жағдайы болды. Су басқан 37 үй бақылауға алынды, 19 автожол учаскесінде су тасқыны бар, оның ішінде республикалық маңызы бар – 2, облыстық - 1, жергілікті – 16. Автожолдардың 14 учаскесі шайылып кеткен.
Өңірлерде су тасқынынан туындаған төтенше жағдайды төмендету мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен ТЖМ күші 609 мың текше метр еріген суды сору жұмысын жүргізді. Инертті материалдары бар 11 290 қап төселді. Жұмыстарға 670 адам, 300 техника, 89 су айдау құралдары және 5 жүзу құралдары жұмылдырылды. Оның ішінде ҚР ТЖМ-нің жеке құрамынан 264 маман, 66 техника, 47 қозғалтқыш және 4 жүзу құралы бар.