Қарағандыдағы шахталардың бірінде 36 жастағы кенші қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта оқиға тергелу үстінде

Фото ашық дереккөзден

Бүгін Қарағандыда Костенко атындағы шахтада 36 жастағы кенші қаза тапты. Оқиға себебін арнайы комиссия анықтап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 Костенко атындағы шахтада ұңғыма төбесі құлаған. Оқиға салдарынан мердігер ұйымның 36 жастағы тау-кен жұмысшысы қаза тапты.

«Бүгін Костенко шахтасында жазатайым жағдай салдарынан УСМ мердігер ұйымының қызметкері (1986 жылы туған) көз жұмды. Мемлекеттік комиссия құрылды, оқиға тергелуде», - деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметінде.