"СевКазЭнерго" АҚ бас директоры ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол Петропавл қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды

Фото ашық дереккөзден

1 сәуірде "СевКазЭнерго" АҚ бас директоры ұсталды. Бұл деректі Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

"1 сәуірде ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес "СевКазЭнерго" АҚ бас директоры ұсталып, Петропавл қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс Ішкі істер министрлігі, прокуратура және СҚО ПД басшылығының бақылауында", - деді Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері.

Еске сала кетейік, Петропавлдағы  ЖЭО-2-дегі апаттан кейін құқық қорғау органдары ҚР ҚК-ның 254-бабы "Мiндеттерiне адал қарамау" бойынша қылмыстық істі тергеуге кіріскен. Нәтижесінде 22 наурызда "ЖЭО-2" ЖШС директоры мен кәсіпорынның бас инженері ұсталып, Петропавл қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.