COVID-19: Қазақстанда 2701 адам емделіп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

24 науқастың жағдайы ауыр

Фото: ашық дереккөзден

1 сәуірдегі мәлімет бойынша 2 701 адам коронавирус инфекциясынан (1 681 КВИ+ және 1 020 КВИ-) емделіп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды. 

Олардың ішінде: 

  •  328 пациент стационарда, 
  •  2 373 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

  •  24 адамның жағдайы ауыр, 
  •  5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 
  •  7 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.