Украинадан 4 миллионнан астам адам кетіп қалды – БҰҰ

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың басым бөлігі Польшаға табан тіреген

Фото: Markus Schreiber

Қарулы қақтығыс басталғалы Украинадан 4 миллионнан аса адам кетіп қалған.Бұл туралы БҰҰ өкілдері мәлімдеді, деп хабарлады "Хабар24"

Олардың басым бөлігі Польшаға табан тіреген. Мұнда украиналық босқындардың саны 2 жарым миллионға жуықтайды. Көрші Румыния, Молдова, Венгрия мен Словакияға бас сауғалағандар да жетерлік. Еуропаның өзге елдеріне кетіп жатқан украиналықтар да бар. Мәселен, өткен айдан бері Германияға 300 мыңнан аса Украина азаматы өткен.