Кездесу барысында қаламгердің шығармашылығы туралы сөз болды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы Смағұл Елубайды қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында қаламгердің шығармашылығы туралы сөз болды. Сондай-ақ қазақ әдебиеті мен ұлттық киноның қазіргі жай-күйі талқыланды,
«Смағұл Елубай өзінің «Ақ боз үй» романының желісімен түсірілген фильм жөнінде баяндады. Картинаға өткен ғасырдағы қазақ даласында болған аштық арқау болған», - делінген хабарламада.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазушының шығармашылығына табыс тіледі.