Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды
Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде (747 млн теңге) бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, Гүлмира Сатыбалдымен бірге Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығы аталған күдікке ілініп отыр.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.