Мәжіліс депутаты Мұхтар Ерманның өкілеттігі тоқтатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл ұсынымды депутаттар бірауыздан қолдады

Фото ашық дереккөзден

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутат Мұхтар Ерманның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұхтар Ерман Тілдәбекұлы міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы назарларыңызға ҚР Конституцияның 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Мәжіліс депутаты В. Имтахуновичтің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.

Отырыс барысында бұл ұсынымды депутаттар бірауыздан қолдап, Мұхтар Ерманның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.