Мұндай шешім ауа райының нашарлауына байланысты қабылданды
Нұр-Сұлтанда колледж студенттері бүгін онлайн оқуға көшірілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
«30 наурыз күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала колледждерінің бірінші ауысымындағы студенттері үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауысады», - делінген Білім басқармасының мәліметінде.