Лос-Анджелесте «Оскар» сыйлығының 94-ші марапаттау рәсімі аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үздіктердің нәтижесі төмендегідей:
- «CODA: Саңырау ата-аналардың баласы» инди-драмасы үздік фильм марапатын жеңіп алды.
- Үздік режиссер – Джейн Кэмпион («Ит күші»);
- Ең үздік актер – Уилл Смит («Король Ричард»);
- Ең үздік актриса – Джессика Частейн («Тэмми Фэй көзі»);
- Екінші пландағы үздік актер – Трой Коцур («CODA: Саңырау ата-аналардың баласы»);
- Екінші пландағы үздік актриса – Ариана Дебос («Вестсайд тарихы»);
- «No Time To Die» әнімен ең жақсы түпнұсқа ән номинациясы – Билли Айлиш иеленді.