Күдікті салмағы 4 грамнан асатын синтетикалық есірткі затының 13 бумасын сату кезінде ұсталды
Жамбыл облысының Полиция депаратаменті синтетикалық есірткі сатумен айналысқан тұрғынды ұстағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бір ай бойы Тараз қаласының 25 жастағы тұрғынының қылмыстық әрекетін ашу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Жігіт облыс орталығы аумағында синтетикалық есірткі заттарын сатумен айналысқан.
«Күдікті жалпы салмағы 4 грамнан асатын «Альфа-PVP» синтетикалық есірткі затының 13 бумасын сату кезінде ұсталды», – деп атап өтті ПД ЕҚҚІБ бастығы Асқар Жұмабеков.