Алматы облысында ит өлексесін сүйреген жүргізуші ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың айғақтары тексеріліп жатыр

Бейнеден кадр

Алматы облысында ит өлексесін сүйреген жүргізуші ұсталды. Бұл туралы Алматы облысы ДП баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын.

 ПД мәліметінше, видео 24 наурызда Шамалғанда түсірілген. Жол талғамайтын "Тойота 4 руннер" көлігінің жүргізушісі 56 жастағы тұрғын  ұсталып, аудандық полицияға жеткізілген.

"Ер адам ит өлі болғанын және көліктер қозғалысына кедергі келтіріп, жолда жатқанын түсіндірді. Осыған байланысты жануардың өлексесін ауыл шетіне сүйреп апаруды ұйғарған. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың айғақтары тексеріліп жатыр. Қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады", - делінген хабарламада.