Елімізде күн күрт жылынады – Қазгидромет

Автор: Azattyq Rýhy

Кей өңірлерде жел күшейіп, көктайғақ болады

Қазақстанның басым аумағында 21-23 қаңтар аралығында күн жылынып, тұманды ауа райы сақталады деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК синоптиктері.

Синоптиктер Қазақстанға Атлантикалық ауа массаларының түсуінің жалғасатынын айтып отыр. Соның нәтижесінде аномальды жоғары ауа температурасы сақталады.

«Күндізгі ауа температурасы барлық аймақта 0-ден минус 8°С-ге дейін, қиыр оңтүстікте 0-ден плюс 5°С-ке дейін болжанады. Ал Қазақстан арқылы үлкен жылдамдықпен ығысатын атмосфералық фронттар күшті екпінді жел мен бұрқасынмен қар жауу және оңтүстік облыстарында жылбысқы қар, тұман және көктайғақ тудырады», - делінген аталған хабарламада.

Бұрқасынмен қар жауу және тұман жолдардағы көріну қашықтығын 50...500 м-ге дейін төмендетеді.