Александр Савин семсерлесуден әлем кубогының қола жүлдесіне ие болды

Автор: Azattyq Rýhy

Бахрейнде өткен жасөспірімдер арасындағы жарысқа жалпы саны 61 спортшы қатысты

Көрнекі фото kazfencing.com сайтынан

19 қаңтар күні Бахрейннің Манама қаласында шпагамен семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы кезеңі өтті. Бұл туралы Қазақстан ҰОК хабарлайды.

Аталған сынға Қазақстан комадасының төрт спортшысы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық Александр Савин қола жүлдегер атанды. Ал, Қазақстан намысын қорғаған Кирилл Павлов 8-ші, Святослав Аксенов 11-ші, Ильхамжан Анаркулов 16-шы орын алды.

Алтын медаль ресейлік Дмитрий Швелидзенің еншісінде. Күміс медаль италиялық Джулио Гаетиниге бұйырса, екінші қоланы жүлдені Ресей өкілі Владимир Толасов иеленген.