Павлодар облысында Ұлыстың ұлы күнінде егіздер дүниеге келді

Автор: Azattyq Rýhy

Ұл мен қыз бала кесар тілігі арқылы өмірге келді

Фото: ашық дереккөзден

22 наурыз күні Павлодар облысында 17 нәресте дүниеге келген, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.  

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.   

"22 наурыз күні облыста 10 ұл, 7 қыз бала дүниеге келді. Алғашқы сәби сағат 00:00-де туылды. Бұл қыз баланың салмағы 3494 граммды құрайды. Сондай-ақ егіздер де дүниеге келді. Ұл мен қыз бала кесар тілігі арқылы туылды", - деді басқармада.   

Еске салайық, 8 наурыз мерекесінде облыста 25 нәресте: 16 ұл, 9 қыз жарық дүние есігін ашқан болатын.