Жаңаөзенде автожуу кешенінің қызметкерін көлік жаншып кетті

Azattyq Rýhy

Дәрігерлер оның аяғын ампутациялады

Жаңаөзенде автожуу кешенінің қызметкерін көлік жаншып өтті. Салдарынан зардап шеккен қызға операция жасалды, деп хабарлады Lada.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, қыздың жағдайы ауыр, қазір орталық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Науқасқа операция жасалды – дәрігерлер оның аяғын ампутациялады.

«Kia жүргізушісі көлік жуу орнына жылдамдықпен кірген. Осылайша, іштегі көлікпен соқтығысқан. Дәл сол кезде әйел көлік жуып жатқан. Нәтижесінде инерциямен көлік қызметкерді қағып кеткен. Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілді», - деді куәгерлер.

Айта кетейік, оқиға 22 наурыз күні таңертең Жаңаөзендегі «Empire» көлік жуу орнында болған.

Полиция Kia Rio жүргізушісі жол апатынан кейін көлік жуу кешеніне соқтығысып, жұмысшыны қағып кеткенін хабарлады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.