Науқастардың көбі – Цзилинь қаласының тұрғындары
Қытайда коронавирус қайта өршіп, бір күнде 2600-ден астам адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Науқастардың көбі – Цзилинь қаласының тұрғындары. Провинция орталығында толық оқшаулану режимі енгізілді. Супермаркеттер мен дәріханалардан басқа барлық сауда орындары мен қоғамдық мекемелер жабылды. Тұрғындарға тестілеуден бірнеше рет өтуге нұсқау берілді. Бұл аймақта пандемия басталғалы індет қатты өршіп тұр.