Алаңдық тұрақтар бұрынғы режимде жұмыс істейді
Алматыда 21 және 22 наурызда тротуарлардың жанындағы көлік тұрақтары тегін болады. Бұл туралы A-Parking баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
"Наурыз мерекесіне орай 21 және 22 наурызда қаладағы барлық тротуарлық көлік тұрағы тегін болады. Алаңдық тұрақтар бұрынғы режимде жұмыс істейді. Баршаңызды келе жатқан мерекемен құттықтаймыз, бейбітшілік пен өркендеу тілейміз", - делінген хабарламада.