Ауғанстанда жыл басынан бері 13700 бала аштықтан қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Сарапшылар жағдайдың ушығуына бірнеше себеп әсер еткенін айтады

Фото ашық дереккөзден

Ауғанстанда жыл басынан бері аштық салдарынан 13700-ден аса бала қайтыс болды. Бұл туралы «Хьюман Райтс Уотч» ұйымы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сарапшылар ахуалдың ушығуының бірнеше себебі барын айтады. Былтыр елді алапат қуаңшылық жайлаған. Оның үстіне билік басына тәліптер келгенде, Ауғанстанның орталық банкінің резервтері бұғатталды. Әлем елдері гуманитарлық көмек жіберіп, ақша бөліп жатыр. Алайда қаржы операцияларын жүргізуге қатысты шектеулер салдарынан оларды дұрыс пайдалану мүмкін болмай тұр.