Ғани Бейсембаев ҚР білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол қазіргі уақытқа дейін Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті болды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды. 

Ғани Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.  

Еңбек жолын 1986 жылы Шиелі аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі қызметінен бастаған.  

  • 1989-1990 жылдары — қазақ тілі мұғалімі. 
  • 1990-1995 жылдары — орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 1995-1997 жылдары — орта мектеп директоры.
  • 1997-2000 жылдары — ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы президентінің ғылыми хатшысы, кеңесшісі.  
  • 2000-2001 жылдары — Қапшағай қаласы білім бөлімінің басшысы. 
  • 2001-2006 жылдары — қосымша білім беру орталығының директоры. 
  • 2006-2020 жылдары — халықаралық білім беру орталығының бас директоры. 
  • 2006-2007 жылдары — техникалық-экономикалық колледж директоры. 
  • 2020 жылы ҚР БҒМ «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болды. 
  • 2020 жылғы желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті болды.