Боранбаев аса ірі мөлшерде қаражат ұрлады деген күдікке ілінді

Автор: Azattyq Rýhy

Ол екі айға қамауға алынды

Қаржы мониторингі агенттігі квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаражат ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қ.С. Боранбаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«17 наурызда сот 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Тергеу жалғасуда.

ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді», - делінген Қаржы мониторингі агенттігі таратқан хабарламада.