Сондай-ақ автобустар паркін жаңарту бағдарламасы әзірленіп жатыр
«Жасыл Даму» АҚ қаражаты есебінен жеңілдетілген несиеге жеңіл автокөліктер сатып алу бағдарламасы әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесе отырып, «Жасыл Даму» АҚ қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы азаматтарының жеңілдетілген несиеге жеңіл автокөліктер сатып алуы, сондай-ақ автобустар паркін жаңарту бағдарламасын әзірлеуде.
Жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 100 млрд теңгені және Қазақстан аймақтарында автобустарды жаңартуға шамамен 30 млрд теңгені құрайды.
«Отандық өндірілген техниканы сатып алу шарттары, сондай-ақ қаржыландыру тәртібі мемлекеттік органдарда келісу рәсімдерінен өту сатысында. Сәуір айының соңына дейін барлық рәсімдерді аяқтау жоспарлануда. Мәселен, халық үшін сатып алу шарттары 0 %-дан бастап бастапқы жарна, несие мерзімі 7 жылға дейін, сатып алушы үшін 1 бірлік автокөлік үшін несиенің максималды сомасы 10 000 000 теңгеден аспайды», - делінген ИИДМ хабарламасында.