$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Құқық қорғау органдары жасалып жатқан жұмыс нәтижесін үнемі жариялап отыруы керек – Президент қаңтар оқиғасы жайлы

Президент өз сөзінде мұндай жағдай енді ешқашан қайталанбауы үшін бәрін жасайтынын мәлімдеді

Құқық қорғау органдары жасалып жатқан жұмыс нәтижесін үнемі жариялап отыруы керек – Президент қаңтар оқиғасы жайлы

Қазір қоғамда түрлі қауесет тарауда. Бұл ахуал жалған түсіністік қалыптастырып, елді адастырады. Сондықтан өткен оқиғалар туралы мәліметті жариялап, оған баға беру өте маңызды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біз мызғымас бірліктің арқасында мемлекетімізді қорғап қалдық. Уақытылы және батыл шешім қабылдап лаңкестерге тойтарыс бердік. Мен қашанда бәрін ашық айтып жүрмін. Індет кезінде, қалыптасқан ахуал кезінде жұртшылыққа үнемі ақпарат беріп отырдым. Кешегі қатерлі күндерде Мемлекет басшысы ретінде халыққа арнап бірнеше үндеу жасадым. Барлық жағдайды азаматтарға жан-жақты түсіндіріп, жеткіздім. Әрбір шешімді еліміздің мүддесіне сай қабылдадым. Бұл мен үшін бұлжымас ұстаным. Өкінішке қарай бүлікшілердің, қарақшылардың, лаңкестердің кесірінен қаншама азаматымыз қаза болды», - деді Мемлекет басшысы.

Президент өз сөзінде мұндай жағдай енді ешқашан қайталанбауы үшін бәрін жасайтынын мәлімдеді.

«Қазақта «өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» деген сөз бар. Біздің парызымыз – қанды қылмыс жасалғанын ұмытпай, барлық содырлар мен лаңкестерді жазаға тарту. Қазір қоғамда түрлі қауесет тарауда. Бұл ахуал жалған түсінік қалыптастырып, елді адастырады. Сондықтан өткен оқиғалар туралы мәліметті жариялап, оған баға беру өте маңызды», - деді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасының тергеу жұмыстарының нәтижесі әрдайым жарияланып отыруы тиіс екенін айтты.

«Күні кеше ғана Парламент қабырғасында арнайы тыңдау өтті. Онда құқық қорғау органдары тергеу қорытындылары туралы толық есеп берді. Мұндай кең ауқымды талқылау ешқашан болмаған. Біз ақиқатты айтуымыз керек. Бұл менің жеке қағидатым. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы мәселемен арнайы мекеме аралық тергеу тобы айналысуда. Құқық қорғау органдарына жасалып жатқан жұмыс нәтижесін үнемі жариялап отыруды тапсырамын», - деді Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары