«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды

Мемлекет басшысы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына Мереке Көшекбаевты тағайындады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды

«Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Мереке Мәтімұлы Көшекбаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды;

Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», - делінген Ақорда хабарламасында.