Польшадан Қазақстанға бесінші репатриациялық рейс ұшып шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Бортта Украинадан эвакуацияланған 89 жолаушы бар

Польшадан Қазақстанға бесінші репатриациялық рейс ұшып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. 

15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 08:50-де Катовице қаласынан (Польша) Қазақстанға бесінші репатриациялық рейс ұшып шықты. Ұшақ Алматы қаласына келеді деп күтілуде. Бортта Украинадан эвакуацияланған 89 жолаушы бар.

Бір күн бұрын бұл ұшақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Украинаға гуманитарлық көмектің бірінші партиясын Катовице қаласына жеткізген болатын. Одан әрі жүк Украина аумағына автокөлікпен жеткізіледі.